Жетісулық кәсіпкерлер тұрмысы төмен және көпбалалы 6 отбасына баспана сыйлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында «1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі» мерекесі қарсаңында кәсіпкерлердің бастамасымен 6 тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қоғамда қайырымды іс жасап, қол ұшын созар жомарт азаматтар саны көбейіп келеді. Солардың бірі Екпінді ауылдық округінде орналасқан «Майқынов Е» шаруа қожалығының басшысы Ермек Майқынов «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана Қарақат Сартбаеваға 7 бөлмелі үйді сыйға тартты.

«Ауданымызда көпбалалы аналар саны аз емес. Солардың бірі алты баланың анасына үйдің кілтін табыстап отырмын. Ауданымызда басталған мұндай қайырымдылық істер әрі қарай жалғасын тауып, қазақтың әрбір батыр анасының көңілі тоқ болсын», - дейді жеке кәсіпкер.

Дәл осындай қуанышқа Қабанбай ауылының тұрғындары, әлеуметтік жағдайы төмен Старченко Зоя Сергеевна мен көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері Светлана Ақшолақова кенелді. Бұл қуаныштың дәнекері болып отырған азаматтардың бірі - облыстық маслихат депутаты, «Қабанбай жолаушы» ЖШС-нің басшысы Қанат Қожабеков болса, екіншісі - Алакөл ауданының имамдары мен аудан жамағаты.

Сонымен бірге, «Достық тазарту» ЖШС-нің директоры Шалқар Жақсыбаев Қызылащы ауылының тұрғындары ІІ және ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі Ерлан Есімбеков пен Самал Оразбековаға осы ауылдан жайлы 4 бөлмелі баспана алып берді.

Қуанышында шек болмаған аналар өз тараптарынан осындай мейірімді жандарға шексіз алғыстарын жеткізіп, жанарларына жас алды.

Жалпы Алакөл ауданында 1384 көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы тіркелген. Бүгінгі таңда оның 165 үй кезегінде.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар