+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Жетісулық екі жасар бала Тұңғыш Президент күніне орай әнұран орындады

2020 жылғы 1 желтоқсан 21:50
Бөлісіңіз:
Жетісулық екі жасар бала Тұңғыш Президент күніне орай әнұран орындады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жетісу қаласының тұрғындары #спойгимн #споемгимнвместе #әнұрандыбіргеайтайық атты әлеуметтік челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада Федор Достоевскийдің «Ұлдар» драмасының премьерасы өтті 95 жылдық мерейтой: Еліміздің тұңғыш театрына «ұлттық» мәртебе берілді Черчилльдің 677 мың долларға бағаланған картинасы аукционға қойылды

«Кез келген мемлекет үшін Әнұранның орны ерекше. Ол ел азаматтарының рухын біріктіреді. Біз «Әнұранды бірге айтайық» атты челлендж бастадық және қатысқан адамды «Жетісу» телеарнасының эфирінен көрсетеді. Ең ерекше, патриоттық сипатта түсірілген роликтер мәрелік бейнебаянның соңғы нұсқасына енеді», - делінген Jetisý media-ның YouTube-каналында.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған челлендждің алғашқы қатысушысы 2,5 жастағы Болат Бақберген Мұратбекұлы болды. Ол мемлекеттік әнұранды жатқа біледі.

«Біздің еліміз тәуеліздікке қол жеткізу жолында ауыр жолдардан, қиын кезеңдерден өтті. Жеңіс пен жеңілістерден тұратын қилы жолдарда көптеген тарихи оқиға болды. Осы оқиғаларда мемлекеттік рәміздер – байрақ, елтаңба және әнұран серік болып, тәуелсіздіктің, еркіндіктің, мемлекеттің бетбейнесі болып келеді», - делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT