Жетісулық дихандар 2013 жылы 1 млн. 145 мың тонна астық жинады

None
None
АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері 2013 жылы табысты қорытындыланды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнеркәсіп өндірісі 560 млрд. теңгені, аграрлық сектордың жалпы өнімі 536,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 741,4 мың шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріліп, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 379,7 млрд. теңгені құрап отыр. Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба толықтай іске қосылып, жаңадан 1339 жұмыс орны ашылды.

Биылғы күзгі орақ кезінде жетісулық дихандар 1 млн. 145 мың тонна астық жинап, өнімділік гектарға шаққанда 25,7 центнерге жеткен болатын. Қазіргі кезде өңірдегі 154 шаруашылық 1418 гектар жерде Қазақстанның ұлттық брендіне айналған әйгілі апорт алмасын өсіруде. Оның көлемі «Апорт» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алдағы жылы одан ары ұлғая түспек.

Соңғы жаңалықтар