+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Жетісудан шыққан рухани керуен арыстықтармен кездесті

2019 жылғы 30 қазан 14:22
Бөлісіңіз:
Жетісудан шыққан рухани керуен арыстықтармен кездесті

АРЫС. ҚазАқпарат – Алматы облысы әкімінің қолдауымен және Дін істері басқармасы ұйымдастырған «Рухани керуен» жобасының ІІІ кезеңінің соңғы сапары күллі түркі халықтарына әйгілі әулиелер жатқан қасиетті Түркістан жерінде жалғасты. Алдымен, зиялы қауымнан құралған топ ұлылықтың биік үлгісін танытып, Арыс қаласындағы ағайынмен және аймақ тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады Елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың киелі жерлерін аралауда Шетелде тұратын этникалық қазақтар Қазақстанның киелі жерлерін аралады

Еңсесін енді тіктеп келе жатқан Арыс жұрты алыстан келген жетісулықтарды аймаққа кірер қақпадан құшақ жая қарсы алды. Қадамдарына шашу шашып, бар дәмін алдына тосты. Жергілікті халық ұлттық өнерді ұлықтап, Алматы облысынан ат терлетіп жеткен делегаттарға арнау жырларын, дәстүрлі әндерін арнады.

«Рухани керуен» тобының сапары Арыс қалалық мәдениет үйіндегі ауқымды жиынмен бастау алды. Мұнда ашық аспан астында арыстық жұртшылық назарына «Жер жәннаты – Жетісу» өңірінің мәдени мұрасы, яғни көне зиярат орындары мен ескерткіштерінен сыр шертетін ашық аспан форматында сурет көрмесі қойылды. Діни сауаттылықты арттыруға арналған арнайы түсіндірме кітапшалары мен Алматы облыстық дін істері басқармасының төл газеті «Дін және мәдениет - руханият әлемі» таратылды.


Мәдениет сарайындағы басқосуға 200-ге тарта Арыс тұрғындары: мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ардагерлер және жастар жиылды. «Рухани керуен» жұмысы халықтың дәстүрлі рухани мәдениетін дамыту, мемлекеттің рухани тірегі салған асыл діннің қағидаттарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылғаны атап өтілді. Жиында көпшілік белгілі дінтанушылар, қоғам қайраткерлерінің рухани әңгімесінен сусап, өлшеусіз азық алды.


Сондай-ақ, жиын барысында Алматы облыстық маслихатының хатшысы және Дін істері басқармасының басшысы қонақжайлық танытқан Арыс халқына алғыс білдіріп, екі облыстың достығы мәңгілік болғай деген тілегін жеткізді. Жиналған жұртшылыққа кәделі сыйлықтарын табыс етті. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның өнерпаздары сахна төрінде дәстүрлі әндерді орындап, биден шашу шашты. Сонымен қатар, Рухани керуен тобы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне саяхаттады. Экскурсия барысында қатысушылар ежелгі тарих қойнауына бойлап, құнды және тың деректерге куә болды. Музей қызметкері орталықтағы барлық жәдігерлерді таныстырып, толық ақпарат берді.

Түркі халықтарының киелі бесігіндегі сапары Арыстанбаб кесенесінде жалғасты. Жетісулық делегат баба рухына тағзым етті.

Айта кетейік, рухани керуен құрамы Алматы облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов пен Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, ҚР алғашқы Бас муфтиі Рәтбек қажы Нысанбаев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы және тағы басқа зиялы тұлғалардан жасақталған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT