Жетісуда жеті баланы бауырына басқан жанұя «Мерейлі отбасы» атанды

None
None
    ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда облыстық  «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеті баланы бауырына басқан Жамбыл ауданының Кәрібаевтар жанұясы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз  отбасыға  1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық жасауды басты мақсат еткен Біржан  мен Әлия өздерінің екі ұлымен қатар, қазақ, орыс, неміс  ұлт өкілдерінің жеті баласын бауырына басып, бүгінде үлкен отбасыға айналған. Жеңімпаз жанұяға жиналған қауымның  қошеметі зор болды. Құрметке бөленген отбасында отағасы - кәсіпкер, ал оның жары Әлия - журналист.

«400 ден аса отбасының ішінде бірінші орынды алғанымызға өте қуаныштымыз. Қуаныштан жылап алдым. Бауырымызға басқан балаларымның ішінде түрлі ұлт өкілдерінің, яғни неміс, орыс және шешен балалары бар. «Мерейлі отбасы»  байқауына өте ризашылығымды білдіремін.  Әрине көптеген сұрақ қояды, бұл балаларды асырап алудағы мақсатыңыз қандай деген тұрғыда. Мен шынымды айтсам, өзімнің екі ұлым бар, қызым болса деп армандайтынмын. Қыз баланы бауырыма басамын деп барып, 7 баланы алып қайттым. Өйткені балалардың бәрі сүйкімді. Мен әр бала бақытты жанұяда тәрбиеленсе деп тілеймін. Балаларымның ең үлкені 15 жаста, кішкентайы 5- те.  Бала менің бауыр етім. Олардың болашағы үшін біз аянбай еңбек етеміз», - деді «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының бірінші орын иегері Әлия Кәрібаева.

Кәрібаевтар отбасымен  қатар бірінші орынды талдықорғандық Мықтыбек Рахымбековтың әулеті  жеңіп алды. Енді қос жанұя  республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысады. Сондай-ақ бұл байқауда екінші орынды Алакөл ауданындағы  Қабанбай ауылының   Дүйсебаевтар әулеті еншіледі.
null

null 

«Біздің қазақ отбасын Отанға теңеген өте өркениетті халық. Бұл байқау біздің мемлекетіміз үшін, әр отбасы үшін керек. Өйткені ұлттың болашағы - өзінің ұрпағында. Осы ұрпақты тәрбиелеу үшін, өзіміздің ата-бабамыздан қалған ұлағатты ұрпақ бойына сіңіру үшін «Мерейлі отбасы» байқауы өте қажет. Біздің  үйдің отағасы өзінің саналы ғұмырының бәрін құрылыс инженері болып және партияның кеңес органдарына арнап келе жатқан жан. Мен өзім болсам 45 жыл қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болдым. Мыңдаған шәкірттерді тәрбиеледім. Соның ішінде 60-тан астамы «Алтын белгі» және ерекше аттестат иегері болды. Бүгінде олар біздің Тәуелсіз еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, әр түрлі салада жұмыс істейді», - деді Алакөл ауданының тұрғыны, облыстық  «Мерейлі отбасы» байқауының екінші орын иегері атанған Ұлжалғас Дүйсебаева.
null\

null  

Айта кету керек, Алматы облысында өткен  «Мерейлі отбасы»  байқауына жалпы 400 ден астам отбасы қатысты.

Соңғы жаңалықтар