USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Жетісуда ұлттық ойындар Наурыз көркін келтірді

2018 жылғы 22 наурыз 20:17
Бөлісіңіз:
Жетісуда ұлттық ойындар Наурыз көркін келтірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Лабасы ауылдық округінде Наурыз тойы ұлттық ойындармен ерекшеленді. Ауылдағы ағайын ат жарыстырып, қошқар көтеріп, арқан тартысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лабасы тауының етегінде көктемнің жаршысы бәйшешек гүлдеді. Дәл осы жерде төрт ауылдың халқы бірнеше жылдан бері ұлыстың ұлы күні Наурызды тойлап келеді. 6 мыңға жуық халық жиналып, қазан-қазан ет асылып, наурыз көжеден дәм татқан қонақтардың көңілін ашық күн райы да еселей түсті.

Бір жерде епті де білекті, иықты да жүректі жігіттер қошқар көтеріп, гір тасын лақтырып мәре-сәре болса, енді бір жерде арқан тартып, балуандар белдесіп бақ сынасты.

«Осыдан отыз жыл бұрын басталған ұлы той Лабасы баурайында бірнеше жылдан бері осылай ауқымды өтіп келеді, - дейді мәдениет және спорт саласының ардагері Бақыт Шеңгелбаев.

Ол осы жерде 30 жыл бұрын Наурызды атап өткен жандардың бірі. Зейнеткердің айтуынша, 1988 жылы көше-көше болып жиналып, ұйымшылдық танытып атап өткен. Қазір де сол ауызбірліктің арқасында дүбірлетіп той өтіп жатыр.

Қыстан аман шыққан ауыл жұртының бұл тойда асыға күткені - ат жарысы. Халық топ бәйге мен тай жарыс, аламан бәйгені көріп көңіл тойдырды. Жанкүйер болып қиқулап, шабандоздарды демеді. Теңге ілу мен қыз қуу ойындары да өте қызықты өтті. Шабандоз қыздың міңген тұлпары дұрыс шаппай жігіт жылдам қуып жетіп алды. Ал бойжеткеннің аты аяқтан шалынып, иесін құлатып алды. Сондай-ақ теңге ілуде де бір азамат мінген атынан бір құлап тұрды. Абырой болғанда шабандоздар да, жылқы да дін аман.

Ауылдағы Наурыз тойында бәйгеде оза шапқандар олжалы болды. Қаржылай және төрт түлік малдай жүлделерін қанжығаларына байлады. Ұлыстың ұлы күнінде бір бірімен қимай тарқасқан ағайынды енді көктемнің дала жұмыстары күтуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT