Жетісуда шомылу маусымы басталар алдында су сапасы тексерілді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары шомылу маусымы алдында Алакөл, Балқаш көлдерінен сынама алды. Су сапасы бактериологиялық және басқа да көрсеткіштерге тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірдегі 84 жағалау мамандардың бақылауына алынған.

Оның 74 - Алакөл көлінің бойында, 10 - Балқаш көлінің жағасында орналасқан.

Шомылу маусымы басталар алдында «Алакөл» мен «Балқаш» көлдерінен микробиологиялық және санитариялық – химиялық көрсеткіштерге 39 су сынамасы және 39 топырақ сынамасы, паразитологиялық көрсеткіштерге 30 су сынамасы және 39 топырақ сынамасы алынып зерттелді.

Тексеру нәтижесі гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.

«Демалыс аймақтарында алаңдатушылық туғызатын мәселелердің бірі – демалушылардан кейін жиналмай қалатын қоқыстар. Мұндай немқұрайлықтың салдарынан су айдындары мен жағалаудағы топырақ ластанады және демалушылардың жұқпалы, паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары болады»,- деп атап өтті облыстық департаменттен.


Соңғы жаңалықтар