Жетісуда қызыл кітапқа енген жануарларды атып, ағаш кескендер ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қызыл кітапқа енген аңдарды атып, тораңғы ағашын кескен бір топ азаматтар ұсталды. Өңірде «Браконьер» арнайы операциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Рейд барысында 37 табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 11 факті бойынша қылмыстық тергеу басталған. Табиғатқа қасақана зиян келтірген браконьерлерден 15 текше метр сексеуіл мен Қызыл кітапқа енген тораңғы ағашы тәркіленді. Ал Сарқан ауданы аумағынан елік атып алған Талдықорған қаласының тұрғыны қолға түсті.

Сонымен қатар, Ұйғыр ауданында таутеке атқан бір топ азамат құрықталды. Олардан бес мылтық тәркіленді. Төрт қарудың құжаттары болмай шықты. Алматы облыстық ІІД Баспасөз қызметінде осы деректер бойынша сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. 

Сондай-ақ, арнайы шара барысында 26 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 8-і аң аулау, 9-ы балық аулау ережелерін бұзған. Тағы 8 азамат қару-жарақты сақтау, тасымалдау ережелерін сақтамаған. 

Соңғы жаңалықтар