Жетісуда ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында профилактикалық іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.

- Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келген шығын 400 мың теңгеге жуық, - дейді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар