Жетісу жеріндегі Сарқан ауданына 90 жыл толады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Келер жылы  Алматы облысындағы Сарқан ауданына 90 жыл толады. 40 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен айтулы күнді жоғары деңгейде  атап өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін  бұл жөнінде арнайы экспедиция тобын қабылдаған Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбеков айтты.
null

«Бұл өңірдің  тарихы тереңде жатыр. 1928 жылы Сарқан ауданы құрылған. Келер  жылы 90 жыл толады. Ал Сарқан қаласының құрылғанына 50 жыл. Осы айтулы датаны атап өтуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде аудан халқының әл-ауқаты күннен күнге жақсарып келеді. Қазір аудан  халқы үшін қарбалас сәт. Биыл Ақсу және Сарқан ауданы шаруаларының 100 мың тонна қант қызылшасын өткізуі күтілуде», - деді Е. Қошанбеков.
null

Сондай-ақ аудан басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралар жөнінде де мәлім етті. Айтуынша,  аудан азаматтары туған жерін, туған өлкесін дамытуға өзіндік үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Мәселен, бірнеше шаруа қожалықтары бірігіп аудан орталығында ардагерлер үйін салып жатыр. Осыған ұқсас жалпы 22 жоба жүзеге асуда. Жалпы Сарқан ауданы бүгінде тұрақты даму үстіндегі елді мекен. Ішкі өнім 2016 жылы 23,3 млрдты құраса, биыл ол көрсеткішті  25,6 млрдқа жеткізу  жоспарда. Ал, соңғы 8 айда инвестиция көлемі 2 млрд 106 млн теңгеге жеткен.
null

Айта кету керек, Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы және облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі  «Сакральді Қазақстан» атты экспедия ұйымдастырды. Аясында БАҚ өкілдері және археолог, тарихшылар Ақсу және Сарқан ауданындағы киелі жерлерге барып, тарихымен кеңінен танысуда. Бағдарламаға сәйкес, олар Тамшыбұлақ, Ақын Сара музейі, көне Сағабүйен қалашығы, Мамания мектебі және Қойлық қалашығына барады.

Соңғы жаңалықтар