Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдері Amanat партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Amanat партиясы съезінде Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдері партияның саяси кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Партияның саяси кеңесінің құрамынан Ұлытау және Жетісу облыстарының әкімдері шығарылуы туралы мәселе ұсынылады. Сондай-ақ жаңа облыстардың құрылғанын ескере отырып, барлық өңірлердің өкілдігін қамтамасыз ету үшін саяси кеңестің құрамына партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаевты, Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменовті және партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевты енгізу ұсыналады», - деді съезд модераторы Елнұр Бейсенбаев.

Съез делегаттары аталған мәселелені бірауыздан қолдап дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар