Жетісу төрінде Жеңіс күніне орай спорттық жарыстар өтуде

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Талдықорған» ипподромында Жеңіс күні мерекесіне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтіп жатыр. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден астам жүйрік қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сәйгүліктеріне үміт артып келген барлық атбегілер мен шабандоздарға жеңіс тіледі.  

Бағдарлама бойынша тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге, жорға аттар жарысы және 21 шақырымға аламан бәйге ұйымдастырылады. Сонымен қатар қыз қуу, теңге ілу, көкпар тарту ойындарын да көрермендер ризашылықпен тамашалады.

Аламан бәйгенің 1-орын жүлдегеріне 1,5 млн. теңге ақшалай сыйлық тігілуде. Жалпы жарыстың жүлде қоры - 8 млн. теңге.

Соңғы жаңалықтар