Жетісу тауларында жоғалған блогер табылды

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен тиктокер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«7 маусымда сағат 18:50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам – Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін саяхатшы, Алматы қаласының тұрғыны.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, Қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.

Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бұрхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - делінген ТЖМ мәліметінде.

Еске салайық, 36 жастағы Дамир Кушеев іздестіріліп жатқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар