Жетісу өңірінде газ таратушы компания заң бұзғаны анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы нарығындағы өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, тұтынушылардың заңды құқықтарына нұқсан келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаменті Алматы облысы прокуратурасының ұсынысын қарау кезінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының қызметінде бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтардың белгілері байқалды.

Мәселен, филиал тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарттарын жасасу кезінде коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға тек өнеркәсіптік тұтынушылар үшін арналған газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасына қатысты міндеттерді жүктеген.

Сонымен қатар, филиал тұтынушыға заңнамаға қайшы келетін, газ тұтыну көлемін күнделікті коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыға беру міндетін жүктеген.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Жетісу облысында Филиал тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметтері нарығында үстем жағдайға ие екені анықталды.

Осылайша, Филиал тауарлық газды бөлшек саудада сату қызметтері нарығындағы өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, тұтынушылардың заңды құқықтарына нұқсан келтірген.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде департамент Кодекстің 199-бабына сәйкес Филиалдың атына нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарды.


Соңғы жаңалықтар