Жетісу облысының тілдерді дамыту басқармасына басшы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ермек Сүндетбайұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары.

Ж.Мусин атындағы қазақ педагогика колледжін «мемлекеттік тілде оқымайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті», академик Жолдасбеков атындағы құқық және экономика институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Көксу ауданы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған.

Кейін Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы болды.



Соңғы жаңалықтар