Жетісу облысының тағы бір басқармасына басшы тағайындалды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Елдос Мырзабек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елдос Мырзабек 1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қаржы», Ө.А.Жолдасбек атындағы экономика және құқық академиясын «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Талдықорған қаласындағы ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалы басшысының хатшысы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысы әкімінің аппаратында заң, мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінде бас инспектор, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдан бастап Алматы облысының Сауда департаментінің басшысы қызметінде болған.

Бұған дейін туризм басқармасына және тілдерді дамыту басқармасына басшылар тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар