Жетісу облысының мәслихат төрағасы лауазымына Гүлнәр Тойлыбаева қайта сайланды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының мәслихат төрағасы лауазымына Гүлнәр Тойлыбаева қайта сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек жолын мектеп мұғалімі қызметінен бастаған Гүлнәр Қожағұлқызы әр жылдары Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында бөлім меңгерушісі, төрағаның орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдың 8-маусымына дейін «Аmаnat» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметінде болды.

2022 жылдың 8-маусымынан бастап жаңадан құрылған Жетісу облысының мәслихат хатшысы лауазымына сайланды.

Бүгін Жетісу облыстық мәслихаты VIII шақырылымының бірінші сессиясының отырысы өтті.

Облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясында ел сеніміне ие болған, 75% жаңарған депутаттарға Заң аясында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т. Даутов мандаттарын табыстады.

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы лауазымына барлық депутаттардың қолдауымен Гүлнәр Тойлыбаева сайланды.


Соңғы жаңалықтар