Жетісу облысының Қызылжар ауылында тасқын су қаупі сейілді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары өзенде су деңгейі көтерілетіні туралы ескертілді. Бұған дейін аталған ауданда бір көше мен бірнеше аула аумағын еріген қар суы басып қалған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.

«Сағат 18.30-дағы жағдай бойынша Қызылжар ауылында су басу қаупі сейілді. Су деңгейі төмендеді. Алайда, «Қазгидромет» РМК-ның ескертуіне сәйкес, жауын-шашын түріндегі қауіп сақталып отыр. Ауыл ішіндегі арықтар келіп түсетін су көлемін өткізіп үлгермей, арнасынан тасуы ықтимал. Күндізгі уақытта Шыныбек көшесінде жол үстіне аздаған су жайылуы мүмкін», - дейді Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Айта кетейік, Кербұлақ ауданының жергілікті атқарушы органдары мен облыстық ТЖД суды бұру үшін Қызылжар ауылының жоғары жағынан ұзындығы 1 км, ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр канал қазды. Үйлердің аулаларын су басу қаупі барынша азайтылды. Жұмыстар толығымен аяқталды, еріген қар суы Байғазы өзеніне құйылып жатыр.

Еске салайық, 5 наурызда күннің күрт жылынуынан еріген қар суы

Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында Шыныбек көшесі мен бірнеше үйдің ауласын басып қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар