Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды деген ақпарат жалған болып шықты

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды деген ақпарат жалған болып шықты. Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу және Алматы облыстарының сот ғимараттарын полицияның жедел қызметі арнайы иісшіл иттердің көмегімен тексеріп шыққан. Алайда, ғимараттардан ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

«Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 273 бабы бойынша іс қозғалды. Жалған ақпарат бергені үшін аса ірі көлемде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама сотқа келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз. Осы жайттан кейін сот қызметкерлері эвакуацияланып, мекемелерге тінту жұмыстары жүргізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар