Жетісу облысындағы 17 сот ғимаратынан қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысындағы 17 сот ғимаратынан қызметкерлер бомба туралы ақпараттан кейін қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздің ғимаратыңызға бомба қойылды» деген хабарлама электронды поштаға келді. Яғни, ондай хабарлама Алакөл, Кербұлақ, Талдықорған, Көксу сынды барлық жерге жіберілген. Тек, бір екі сот мекемесіне ғана келмеген. Қазір барлық сот процесі тоқтап, қызметкерлер эвакуацияланып, мекемелерді тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сот ғимаратына бомба қойылды деген хабарлама 17 сот мекемесіне келген. Тексеру жұмыстары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар