Жетісу облысында жыл басынан бері көлік апатынан 111 адам көз жұмды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жол-көлік оқиғалары жиіледі. Жыл басынан бері болған 400-ден астам жол апатында 111 адам мерт болып, 700-ге жуығы түрлі дене жарақтын алған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе Алакөл ауданында көліктердің соқтығысуы және аударылуы көбейген. Себебі туризм маусымы кезінде аудан аумағына келіп-кететін демалушылар саны артады. Сондықтан аудан прокурорлары дабыл қағып, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақыратын түрлі акциялар ұйымдастыруда. Бұл жолы жол апатында қираған көліктерді тиеген арнайы техника Үшарал қаласы мен жақын маңдағы елді-мекен көшелерімен жүріп өтті. Мұндағы мақсат көлік иелерін бір сәтке болсын ойландырып, өзінің және жақындарының өмірі үшін жол ережелерін бұзбауға ықпал ету. Биыл Алакөл ауданында 30-ға жуық жол апатынан 26 адам көз жұмған.

«Алакөл ауданы демалыс-курортты аймақ болып саналады. Жаз уақытында жол оқиғалары көбейіп кетеді. Өйткені бізге келушілер өте көп. Оның ішінде кеш шығады жолға, жол ережелерін сақтамайды, ішіп алып айдауы, масаң күйде соның бәрі әсер етеді»,- деді Алакөл ауданының прокуроры Ерлан Қасымбаев.


Соңғы жаңалықтар