Жетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпара Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында орын алды. 20 қыркүйек күні Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының 273-шақырымында Lexus-470 автокөлігі аударылып кетті. Көлік салонында оқиға орнында қаза тапқан үш адам болған. Қайтыс болғандардың екеуі 39 жастағы және 37 жастағы ерлі-зайыптылар. Үшінші тұлғаның жеке басы анықталуда.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Олар барлық мән-жайды және көлік тізгінінде кім болғанын анықтап жатыр.


Фото: polisia.kz




Соңғы жаңалықтар