Жетісу облысында тоғыз соғыс ардагеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Жетісу облысында Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2309 азамат жалпы сомасы 156,7 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек алады. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысымызда тұратын ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына 1,5 млн теңгеден төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірінде Ұлы Отан соғысының 8 ардагері тұрады.

Оның барлығы 9 мамырға дейін әрқайсысы 1,5 млн теңгеден алады.

Сондай-ақ жыл басынан бері ардагерлерге коммуналдық қызметтер үшін төлем ретінде 250 мың теңге төленді.

Осы мақсатқа қаражат жыл соңына дейін де қарастырылған. Төлемдер ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ КСРО-ны қорғаудың басқа кезеңдерінде майдан шебінде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия алған, мертігіп қалған, мүгедек деп танылған 90 әскери қызметшіге біржолғы материалдық көмек ретінде 100 мың теңгеден жалпы сомасы 9 млн теңге төленеді.


Соңғы жаңалықтар