Жетісу облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында «Сарыөзек – Көктал» тасжолында көлік жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожолының 57 шақырымында жарылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалыс тоқтатылды. Яғни, 29 қыркүйек күні сағат 09:00-ден бастап аталған автожол учаскесінің 45-68 шақырым аралығында автотранспорттың барлық түрлеріне қозғалыс жабылды»,- делінген Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған ведомствоның өкілдері азаматтардан осы бағытта жол жүрмеуін, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауын сұрайды.

Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.



Соңғы жаңалықтар