Жетісу облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 маусым сағат 11:30-дан бастап жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-86 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық»,- деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Осыған байланысты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Ауа райына байланысты ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.


Соңғы жаңалықтар