Жетісу облысында поштадан 22 млн теңге жымқырғандарға халықаралық іздеу жарияланды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Жетісу облысында поштаның 22 млн теңге қаражатын жымқырғандарға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гүлбану Нұрғызырқызы Базильбаева 1979 жылы туған. Алматы облысының тумасы. Гүлбану Базильбаева алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Ол Талдықорғанның пошта қызметінде кассир болып жұмыс істеген. Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, талан-таражға салу дерегі бойынша күдікке ілінген. Оған 22 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған. Дәл осы іс бойынша оның сыбайласы, полиция қызметкері болған Қанат Исабаевқа да халықаралық іздеу жарияланды. Ол 1962 жылғы. Бұл адамдар ұсталған жағдайда бірден қамауға алынады», - дейді Жетісу облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев.

Суреттегі күдіктілерге қатысты қандай да бір ақпар білетін жандар осы телефон номерлеріне хабарласа алады: 8 7282 24 11 25; 8 701 741 62 26


Соңғы жаңалықтар