Жетісу облысында орташа жалақы 250 мың теңгеден асты

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Жетісу өңірінде орташа жалақы 250 593 теңгені құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Марат Бөкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге. Бұл ретте қызмет көрсету саласының өкілдері, әдетте, облыс бойынша және Қазақстан Республикасы бойынша орташа деңгейден айтарлықтай төмен жалақы алады.

«Халықтың ақшалай кірісі 100 пайызды құрайды. Оның ішінде жұмыстан түскен табыс – 69,1%. Жалдамалы жұмыстан түскен табыс 57,8 пайыз. Былтыр өңір тұрғындарының жалақысы 250 мың теңгеден», – дейді Марат Бөкенов.

Бұған дейін Қазақстанда ең жоғары жалақы 1,7 млн теңгені қай салада төлейтіні туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар