Жетісу облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа құрылған Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) аумақтық департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына Қобылан Манап тағайындалды.

Қобылан Тоқбергенұлы Манап 1975 жылы Көксу ауданы Алматы облысында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «еңбек және техникалық шығармашылық» және «құқықтану» мамандықтарын, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы мен Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 14 жылдан асады.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы болып бастаған. Осы мемлекеттік органда бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы болған.

2011-2020 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі, Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы, Алматы облысы әкімі аппараты, Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Қ.Т. Манап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болды.


Фото: facebook.com/qyzmet.kz




Соңғы жаңалықтар