Жетісу облысында қуаты 50МВт болатын жел электр станциясы іске қосылды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының Сарқан ауданында қуаттылығы 50МВт болатын жел электр станциясы іске қосылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісудың Сарқан ауданында салынған жел электр станциясы — негізінен жеке қаражат есебінен жүзеге асқан өңірдегі ең ірі жоба. Жалпы қондырғыларды орнату, құрылыс жұмыстарын жасауға 19,4 млрд.теңге қаражат жұмсалған.

Кезең-кезеңімен жоспарланған электр станция құрылысы 2019 жылы басталып, желді аймаққа ең алдымен 6 қондырғы орнатылып, 2022 жылдың қараша айында толығымен аяқталып, өз жұмысын бастады.

Биіктігі 100 метр, айналғыш қанаттары 70 метр болатын мұнараның саны 16. Олардың біреуінің өзі 3,2 МВт өңдеуге қауқарлы.


«Мұндай электр қуатын өңдейтін станса Қапшағай қаласында бар болса, енді ауданымыздың Лепсі аймағында бар. Бірақ қуаттылығы жағынан басым түспек. Яғни жылына 50 МВт тоқ көзін өңдемек», - деді Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы.

Лепсі ауылынан 80 км қашықтықта орналасқан станция кең жазықта орналасқан желді аймақ. Желдің өтінде орналасқан жазық мекен болғандықтан, мұндай жарық қуатын өңдейтін мұнаралар жыл бойы жарық қуатын өңдей алмақ.


Осындай ірі әрі тиімді жобалардың арқасында ауданға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып өңіріміздің одан әрі дамуына өз септігін тигізеді деген сөз.

Сонымен қатар, Сарқан аудны электр қуатын өндіруде басқа аудандардан қарағанда басым түсіп келе жатқандығы баршаға аян. Өңірде 5 су электр станциясын салу жоспарланған болса, қазіргі таңда оның үшеуі үздксіз жұмыс жасап тұр. Қалған екі электр станцияларының құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кету керек, өткен жылдың қараша айынан бері жел электр станциялары 23,767 мың болатын КВт сағат өңдеген.


Соңғы жаңалықтар