Жетісу облысында ішімдік ішкен көлік жүргізуші жол апатына түсіп, мерт болды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында ішімдік ішкен көлік жүргізуші жол апатына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы Ескелді ауданында болды. «Фольксваген Гольф-3» автокөлігін басқара алмай қалған 30 жастағы ер адам «Абай-Ешкіөлмес» тас жолында аударылды. Жүргізуші мас болған деп болжануда», – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Іс жүзінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар