Жетісу облысында фито-ветеринариялық зертхана салынады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Қытаймен бірлесіп Жетісу облысының Алакөл ауданындағы «Достық» бекетінде фито-ветеринариялық зертхана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен бейнебайланыс арқылы перспективаларды талқылады. Оның барысында Қытай тарапы Алакөл ауданының «Достық» бекетінде фито-ветеринариялық зертхана салуды ұсынды. Әкімдік дерегінше, бұл жоба ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттау рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетеді.

«Өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру – біздің әріптестік қарым-қатынастарымыздың ең перспективалы бағыттарының бірі. Аграрлық сала, жаңартылатын энергия көздері, құрылыс материалдарын өндіру, туризм, фармацевтика, сондай-ақ минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу ынтымақтастықтың басым бағыттары болмақ», - деді Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысының айтуынша, «Достық» бекетінде салынатын жаңа терминал Қазақстан-Қытай шекарасында жылына 9 млн тоннаға дейін жүк пен 300 мың контейнерді тиеуге және оны сақтауға қауқарлы. Құрылыс құны 25 млрд теңгеге бағаланған.



Фото: gov.kz






Соңғы жаңалықтар