Жетісу облысында бірден 6 басқармаға жаңа басшы тағайындалды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында алты басқармаға жаңа басшылар келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, облыс әкімінің бұйрығымен бір күнде 6 басқармада ауыс-түйіс болған.

Қанат Болатұлы Есболатов - ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.

Жанар Нұрқыдырқызы Керімбекова - қаржы басқармасының бастығы.

Маржан Мұратқызы Мұрат - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Айдын Жангелдіұлы Темірбаев - цифрлық технологиялар басқармасының бастығы.

Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.

Дәркен Нұржанұлы Нұржанов - сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы.

Соңғы жаңалықтар