Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара саны 20 пайызға артты

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында мал шаруашылығы бағытында 2561 шаруашылық тіркелген, олардағы ірі қара саны жарты миллионға жетеді, соның ішінде асыл тұқымды малдың үлесі 20,2% немесе 108,2 басқа көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылмен салыстырғанда өсім - 12%. Осы бағыт бойынша 523 шаруашылық 1 млрд теңгеден астам субсидия алған, қосымша өтінімдер әлі де бар», - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Кербұлақ ауданында ірі қара саны 65 мыңнан астам, ұсақ мал 324 мың, құс 71 мыңдай, жылқы 23 мың бастан асады. Ауданда 2400-дей шаруашылық ауыл шаруашылығымен айналысады. Соның ішінде асыл тұқымды мал өсіруге ерекше көңіл бөлінеді. 22 шаруа қожалығы 2400 бас асыл тұқымды ірі қара, 2500 бас асыл тұқымды ұсақ мал өсіріп отыр.


Соңғы жаңалықтар