Жетісу облысында 374 адамды ит қапты

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында жыл басынан бері 374 адамды ит қапты. Ит талағаннан адам өлу дерегі де тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Жетісу облысында бұралқы иттерді ұстап, стерильдеп, чип салып қайта ортаға жіберу мақсатында 170 млн теңге қаражат қарастырылған. Ал өткен жылы өңірде 3,5 мың қаңғыбас ит ұсталған. Тек Талдықорған қаласында бір күнде тұрғындардан 20-ға жуық шақырту түсіп, арнайы топ бос жүрген иттерді ұстайды.

Ал апта сайын ветеринарлар, табиғат қорғау полициясы мен қоғамдық ұйым өкілдері бірлескен рейд жүргізіп отырады. Бірлескен шара барысында бұралқы иттерді ұстап қана қоймай, көшеде бос жүрсе, иелеріне ескерту жасап, айыппұл да салады. Сондай-ақ үйде ит ұстау тәртібін айтып, жануарлар дүниесін қорғау туралы заңнамалардағы өзгерістер түсіндіріледі.


«Панфилов ауданында бір адамды ит қауып, оқиға өліммен аяқталды. Қазір балалар жаздық демалысқа шығып жатыр. Бұл жағдай қайталана ма деген уайым бар. Осының алдын алу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Жетісу облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Дархан Абибаев.


Соңғы жаңалықтар