Жетісу облысында 267 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында 267 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облыстық білім басқармасының мәліметінше, олардың басым көпшілігі, яғни 71 үміткер – Талдықорған қаласындағы мектептердің түлектері. Үміткерлер саны бойынша екінші орында Панфилов ауданы. Бұл өңірден 31 үміткер бар. Үшінші орында 28 түлекпен Сарқан ауданы тұр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында 2023-2025 жылдар аралығында 10 мектеп салынатынын хабарлаған болатынбыз. Олар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді.

Айта кетсек, ел бойынша салынатын 118 «жайлы мектептің» құрылысын қандай компаниялар жүргізетіні анықталды.


Соңғы жаңалықтар