Жетісу облысында 20 млн теңгеден астам қаржыға VIP нөмірлер сатылды

Фото:
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында 20 млн теңгеден астам қаржыға көліктің VIP нөмірлері сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу облысы құрылған уақыттан бері, яғни 2022 жылдың 15 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 20 682 455 теңгеге көліктің 64 VIP нөмірі сатылды. Оның ішінде, 41 көліктің мемлекеттік тіркеу номері 19 аймақ белгісімен рәсімделді. Халық арасында 019 AAA 19, 919 AAA 19, 999 AAA 19 нөмірлеріне сұраныс жоғары»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Самат Иманғалиев.

Жалпы, Жетісу облысында көліктің 19 аймақ мемлекеттік тіркеу номері 21 қыркүйекте беріле бастады.

Осы уақыттан бері 4995 адам жаңа аймақтың номерімен көліктерін рәсімдеді.

Айта кетейік, жалпы көлікке VIP нөмір алудың бағасы 174-698 мың теңге аралығында.

Мәселен, 010,020.030 сынды сандардан басталатын көліктің VIP номері 174 591 теңге болса,100, 200, 500 сынды сандар - 419 631 теңге.

Ал 001, 002, 003, 007 VIP номерлердің бағасы 698 364 теңгеге бағаланған.


Соңғы жаңалықтар