Жетісу облысында 103 мыңнан астам оқушы лагерьмен қамтылады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Биыл Жетісу облысында балалардың жазғы сауықтыруына шамамен 623 млн теңге бөлініп отыр, барлығы 103 мыңнан астам немесе оқушылардың 85,5%-ын қамту жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, осы жылы жергілікті бюджеттен балаларды жазғы сауықтыруға 622 млн 710 мың теңге бөлінді. Бір балаға 45 мың теңге есебінен әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылардан 13 838 оқушыны маусымдық лагерьлермен қамту жоспарланып отыр.

Қазір 9 қала сыртындағы лагерь, атап айтқанда Текелі қаласында «Алтын Шажа», «Эдельвейс», «Бастау», Алакөл ауданында «Шағала», Көксу ауданында «Қарлығаш», Ескелді ауданында «Айналайын», «Көктөбе», Ақсу ауданында «Тамшыбұлақ», Панфилов ауданында «Қарлығаш» балаларды қабылдауға дайындық жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, мектеп жанындағы тамақсыз лагерлермен – 43 423 бала, экскурсиялық саяхаттармен – 5 640 бала, демеушілердің көмегімен – 1 004, ата-ана қаражат есебінен – 38 573, қосымша білім берумен – 780, барлығы 103 258 бала қамтылады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар