Жетісу облысынан Сенат депутаттығына 11 кандидат ұсынылды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 шілдеде облыстық сайлау комиссиясы барлық 11 кандидаттың Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін тексерді (жоғарыда көрсетілген), барлығы сәйкес келеді, тиісті хаттама жасалды. 15 шілдеде кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттарының атынан өкілдік ететін таңдаушылардың жалпы санының (154) кемінде он проценті (кемінде 15), бірақ бір мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентінен аспайтын дауыспен қолдауға тиіс. Таңдаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады.Толтырылған қол қою парақтары тиісінше облыстық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, бес күн мерзімде жиналған қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады»,- деді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қахарман Жақсылық.

Айта кетерлігі ҚР азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Ал, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам депутат бола алмайды. «Ұсынылғандардың ішінде: 1 – аудан әкімі, 3 - мемлекеттік қызметшілер, 2 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 4 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 - қоғамдық бірлестіктің қызметкері. Мамандықтар бойынша: оқытушылар – 4, заңгер – 2, дәрігер – 1, агроном – 1, механик – 1, журналист – 1, басқалары – 1 адам. Үміткерлердің ең жасы 1991 жылы туған(31 жас), жасы - 1963 жылы (59 жас) туған. 8 адам (72,7%) «Аманат« партиясының мүшелері, 1 - «Ауыл« (9%), 2 (18,2%) - партияның мүшелігін көрсетпеді. Ұлты бойынша: 9 (81,8%) қазақ, 2 (18,2%) орыс», - деді Қаһарман Еркінайұлы. 3 тамыз күні сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталады және тіркелген кандидаттар үгіт жұмыстарына кіріседі. Осылайша, 1 тамыздағы жағдай бойынша 11 кандидат ұсынылды, 6 кандидат тіркелді.

Сенат депутатын сайлау бойынша дауыс беру таңдаушылардың-мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысында өтеді.

Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу проценттен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Еске салсақ, 11 шілдедегі Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылғы 24 тамызға ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалды. ҚР Парламенті Сенатына 2 депутат сайланатын болады.


Соңғы жаңалықтар