Жетісу облысы: жарылыс болған жылу қазандығы жаңа салынып жатқан мектепке тиесілі

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жаңадан салынып, сәуірдің 20-сы күні әкімдікке тапсырылуы тиіс болған мектептің қазандығы жарылып, бір адам мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Қазақстанның 10 жылдығы ауылында болған. Мектеп жаңадан салынып жатқандықтан оқушылар көрші Теректі ауылындағы Т.Исабаев атындағы білім шаңырағында 2021 жылдан бері қатынап оқып жүрген.

«Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебінің мерт болған қызметкері Омаров Ардақ Ахымтаевич 1965 жылы 30 қыркүйекте дүниеге келген. Аталған мектепке 1995 жылы 1 қазанда жұмысқа қабылданған, осы уақытқа дейін жұмысшы (разнорабочий) болып істеді.

Жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысына, демалыс күні барып жылыту қазандығы орналасқан ғимаратқа кірген. Кірген уақытта жылыту қазандығы жарылған. Жарылыстың себептерін Көксу ауданының ішкі істер және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері анықтау үстінде»,- делінген Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жаңадан салынып жатқан мектеп 120 орындық. Мерзімі бойынша мердігер осы сәуір айының 20-сы күні әкімдіктің балансына тапсыруы тиіс болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 10 жылдығы ауылында қазандық жарылып, бір адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар