Жетісу облысы Қаратал ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының Қаратал ауданына жаңа әкім болып Ұлан Досымбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы 1984 жылдың 8 маусымында Алматы қаласында дүниеге келді. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер», 2010 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «есеп және аудит», 2013 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша аяқтаған. Экономика және бизнес магистрі.

07.2008 - 10.2008 жж., Алматы қаласының №2458 басқармасының заңгер- кеңесшісі; 04.2010 - 01.2012 жж., Көксу аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы; 01.2012 - 06.2014 жж., Көксу ауданының Алғабас ауылдық округінің әкімі; 06.2014 –07.2022 жж, Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары; 07.2022 - 01.2023 жж, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Фото: facebook.com/Akimatkoksu
Соңғы жаңалықтар