Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасына Арман Жансеңгіров басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Серікұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қалалық көпсалалы ауруханасының хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері болып бастаған.

Әр жылдарда ҚР ҰҚК Орталық әскери госпиталі эндоскопия бөлімшесінің басшысы, Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының хирургия бөлімінің хирург дәрігері, Алматы облысы Көксу аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасының эндоскопист дәрігері, аурухана директорының орынбасары, №2 Талдықорған қалалық емханасы директорының орынбасары, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды.

2021 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.



Соңғы жаңалықтар