Жетісу облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Айжан Адамбекова Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айжан Маманқызы Адамбекова 1975 жылы туған. Білімі жоғары. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған пединститутын «математика және информатика», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «информатика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында инженер-программист болып бастады.

Кейін Алматы облысының өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығында инженер-программист, Талдықорғандағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейде, № 24 Экономика және бизнес мектеп-лицейінде информатика пәнінің мұғалімі, Алматы облыстық ақпараттық талдау орталығы директорының орынбасары, облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары, директоры, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.

2020 жылғы қазан айынан бері Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары болды.







Соңғы жаңалықтар