Жетісу облысы әкімінің тағы екі орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды
2022 жылғы 27 маусым 18:08

Жетісу облысы әкімінің тағы екі орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып Әлібек Жақанбаев тағайындалды.

Әлібек Әскербекұлы 1964 жылы туған.

Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «орман шаруашылығы», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданында «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. Ұзақ жыл Алакөл ауданы Үшарал қаласында орман шаруашылығы саласында еңбек етті.

Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

2022 жылдың ақпанынан Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.

Сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары лауазымына Рустам Әли тағайындалды.

Рустам Әли 1984 жылы туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасы мен докторантурасын «шығыстану», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. PhD докторы.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастап, осы газетте бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болды.

Әр жылдарда Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының «Жетісу жастары» жастар орталығы директоры, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамырынан Ескелді ауданының әкімі болды.

Сонымен қатар Нұржан Егінбаев Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Нұржан Жанайдарұлы Егінбаев 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірді, бідліктілігі бойынша - «экономист», «заңгер». Еңбек жолын «Тірек» ЖШС-да экономист болып бастады. Біршама уақыт Ішкі істер органдарында қызмет етті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жеңіс Тұяқов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT