Жетісу облыстық құрылыс басқармасына басшы болып Темірлан Бектасов тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Темірлан Амангелдіұлы Бектасов Жетісу облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Темірлан Амангелдіұлы Бектасов 1969 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сумен жабдықтау, суды әкету және су қорларын қорғау», Мемлекеттік инженерлік-техникалық академияны «бағалау» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Қаскелең ауданында В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімінің Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмысшы болып бастады.

Бірнеше жыл Қарасай, Жамбыл аудандарында сәулет, қала құрылысы, құрылыс бақылау мекемелерінде түрлі қызметтерде болды.

Кейін Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, басшысы, Панфилов ауданының әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясының басшысы лауазымдарында болды.

2021 жылдың қазанынан осы уақытқа дейін Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.



Соңғы жаңалықтар