Жетісу облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы тағайындалды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Бақытнұр Бақытұлы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы», Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясын «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қаласында «АТФ Банк» АҚ-ның жетекші маманы ретінде бастап, кейін «АТФ Лизинг» дамыту және жоспарлау бөлімінің лидері болып қызмет етті.

Әр жылдарда Алматы қаласында ҚР Бас прокуратура жанындағы шаруашылық басқармасының біліктілігі жоғары деңгейлі маманы, Астана қаласы прокуратурасы аппаратының бас маманы, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі аппараты басшысының көмекшісі, Алматы қаласында Алматы өңірлік партиялық оқу орталығы партияның саяси менеджмент мектебінің «Нұр Отан» филиалының директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, «Алматы» асыл тұқымды зауыты» АӨК басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаменті директорының орынбасары, «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары, Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

2023 жылдың тамызынан облыстық туризм басқармасының басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар