Жетісу ғалымдары Елбасы Жолдауын талқылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессор құрамы Елбасы Жолдауын өзара талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқу орны шәкірттерінің 65 пайызы болашақ педагог мамандары. Дегенмен, университетте агроөнеркәсіптік ғылымды дамытуға да үлкен көңіл бөлініп отыр.

Алматы облысы аграрлы аймақ. Еліміздегі қант қызылшасы, сонымен қатар майбұршақ пен жүгерінің басым бөлігі осы Жетісу жерінде өндіріледі. Соған сәйкес өткен жылы университет жанынан биотехнологиялар институты құрылып, бүгінгі заман талабына сай жабдықталған жаңа жылыжай ашылды. Жетісу өңіріндегі ең үлкен жоғары оқу орны алдағы уақытта цифрлы университет жүйесіне көшуді жоспарлап отыр.

Университет проректоры Мұхтар Төлегенов студенттердің алғашқы оқу жылынан бастап, қолынан диплом алғанға дейінгі жолы арнайы электронды бағдарлама арқылы бақылауда болатынан айтады.

«Бұл Елбасының жаңа Жолдауында айтылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына көшудегі нақты қадам», -дейді проректор.

Айта кетейік, бүгін ҚазақстанРеспубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар