«Жетісу» әуе компаниясы екі жаңа ұшақпен толығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - L- 410 маркалы ұшағы Чехияның Куновице қаласынан жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісу» әуе компаниясына Чехияның Куновице қаласынан L-410 маркалы екі ұшақ ұшып шықты. Ұшақтар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің аймақтық әуе қатынастары кемесі паркін жаңалау бойынша атқарылған жұмыстарға сәйкес жеткізіледі», - делінген комитет хабарламасында.
null

19 орындық заманауи L-410 маркалы ұшақтар Aircraft Industries компаниясында жасалған.

Мәлімдемеде айтылғандай аталған ұшақтар ішкі туризмнің дамуына үлес қосатын болады.

Соңғы жаңалықтар