Жетісу ауданының əкімі 361 ағаштың неге кесілгенін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Алматыда Жетісу ауданының əкімі Мұхтар Тəжібаев өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның əлеуметтік экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылы Жетісу  ауданы территориясында «Қала көркейту» коммуналдық кəсіпорны 361 ағашты кескен болатын. Аудан басшысы жасыл желектің не үшін оталғанын түсіндірді.

Оның айтуынша,  дəл осы ағаштарды отау алдын ала жоспарланған. Одан бөлек 197 ағашқа санитарлық қырқу  жасалды. 2400 ағаштың пішіні өзгерді.

"Ағаш кесу Табиғи ресурстар басқармасының рұқсатымен ғана жүзеге асады. Бұл процесс толық қадағаланады.  Сау ағаштар кесілмейді,  көбіне түбірінде ақауы бар ағаштар оталады. Оның орнына жас шыбықтар жылына екі рет отырғызылады.  Биыл біз 196 ағаш отырғыздық.  Жақында тағы 250 жас ағаш отырғызылады.  Көктемде 500 тал, «Алма қала» акциясымен тағы 500 апорт көшеті отырғызылды. Ағаштарды кескен кәсіпорын екі жыл бойы жас көшеттерді күтуге міндеттеледі",- деді аудан əкімі Мұхтар Тəжібаев.

Соңғы жаңалықтар