Жетісу әндерінің антологиясы жарыққа шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы» жинағы жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жинақ Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Талдықорған қаласында өткізілген салтанатты шарада таныстырылды.

Атап өтсек, «Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы» жинағына жалпы саны 250-ге жуық ән кірген. Кітап қазақ халқының ғұрыптық әндері, халық әндері, халық композиторларының әндері дейтін 3 бөлімнен тұрады. Жинақтың тағы бір ерекшелігі - кітапқа енген барлық әндер жазылған CD-дискілер қоса тіркелген. «Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы» кітабын басып шығаруға жергілікті бюджеттен 5 млн теңге бөлінген. Оның тиражын 150 дана шығару жоспарланып отыр.

Жалпы «Жетісу кітапханасы» 100 томдығы сериясының аясында өткен жылы 20 автордың кітабы жарыққа шықса, биылғы жылы 40 туынды басылады деп жоспарланған, соның 20-сы - жас ақындардың жинағы. Сол сияқты «Мәдени ескерткіштер энциклопедиясы» 2 томдық кітабы да бар.

Соңғы жаңалықтар