Жетістікке қалай жетуге болады - Ксения Собчак өз құпиясымен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік танымал тележүргізуші Ксения Собчак Global Challenges Summit 2018 форумы аясындағы сессиялардың бірінде жетістікке жету жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, жетістікке жету теориясы бойынша көптеген шеберлік сабақтары бар. Кез келген жетістік үшін ең бастысы - бұл алдыңа мақсат қоя білу және соған қарай ұмтылу, аталған мақсаттармен жұмыс істей алу әрі белсенді өмірлік ұстаным», - деді ол.

Ксения Собчак сонымен бірге, қызметкерлерінің қандай да бір қылтың-сылтыңына төзбейтіндігін де ашық айтты.

«Қызметкерлерім бірден не үшін жұмыстан шығарып жіберетіндігімді өте жақсы біледі. Ол «бұл мүмкін емес, қолдан келмей жатыр» деген сөз. Мен үшін жасалмайтын дүние жоқ. Сен соңына дейін ұмтылуың, тырысуың қажет. Сенің қолыңнан келмеуі мүмкін. Бірақ барлық күш-жігеріңді жұмсап, мәселеге жан-жанқты келгеніңді және әзірге ғана ештеңе шықпай жатқанын дәлелдеуің қажет», - деді ол.

Тележүргізушінің айтуынша, мақсатқа қол жеткізу үшін түрлі тәсілдерді қолданған жөн.

Сөз соңында Ксения Собчак Қазақстанда назар аударарлық көптеген позитивті дүниелердің бар екендігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар